$ 443.35  475.54  4.82

Шиеліде «Тұлпар мініп, ту алған» байқауының іріктеу кезеңі өтті

Шиелі ауданындағы №47 М.В. Ломоносов атындағы мектеп лицейінде «Qazaq Epos» қоғамдық қорының «Тұлпар мініп, ту алған!» республикалық ағарту жобасы аясында «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтудан аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Байқауға 300-ден астам шығармашыл, ақын жастар қатысып, өзара бақ сынасты.

Қызықты әрі тартысты өткен байқау қорытындысында әділқазылар алқасының шешімі бойынша I орынды №270 мектеп оқушысы Абылайхан Қарынбай жеңіп алды. Жетекшісі – Несібелі Омарова.

II орынды №47 М.В. Ломоносов атындағы мектеп оқушысы Аружан Бағдатқызы иеленді. Жетекшісі – Райхан Қилыбаева.

Ал III орын №46 А.С. Пушкин атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Бейбіт Әмірбайға бұйырды. Жетекшісі – Айзат Динбаева.

Айта ктейік, Қызылорда облысы бойынша аудандық кезең жеңімпаздарының марапаттары мен қаржылай сыйақылары облыстық кезеңде табысталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары