$ 439.43  473.31  4.82

Жырды жатқа айтудан сырдариялық оқушы облыстық кезеңге жолдама алды

Сырдария ауданында «Қобыланды батыр» жырын жатқа айтудан «Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының алғашқы кезеңі өтті.

Жеңімпаздар:

  • I орын иегері – Мұратқызы Мөлдір, жетекшісі – Ардагүл Жаңабай.
  • II орын иегері – Ғайниза Бөкенбайқызы, жетекшісі – Асылзат Тұрсынбаева.
  • III орын иегері – Арайлым Базарбаева, жетекшісі – Жанар Тұрлыбекова.

Мөлдір Мұратқызы – Сырдария ауданындағы №37 мектеп-лицейінің 6 сынып оқушысы. Оған мектеп мұғалімі Ардагүл Жаңабай «Қобыланды батыр» жырын толық жаттауға, көнерген сөздердің мағынасын меңгеруге жетекшілік еткен.

«Qazaq Epos» республикалық ағарту жобасы аясындағы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының Қызылорда облысы бойынша аудандық кезеңі қырүйек айының 26-на дейін өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауы 6-10 сынып оқушыларының арасында өтуде. Байқауға қатысушылар 132 беттен, 5206 жолдан тұратын «Қобыланды батыр» жырының Марабай жырау нұсқасын жатқа айтып, жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып, қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы бойынша әзірленген сұрақтарға жауап береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары