$ 498.34  519.72  4.85

Қызылордада ұстаздар миллион жеңіп алды

Қызылордада Ұстаздар күніне арналған «Ұлағатты ұстазға – үлкен ықыласпен!» атты мерекелік кеш өтті.

Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, білім беру қызметкерлерінің арасындағы үздіктерге  «Ыбырай Алтынсарин» және «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» төсбелгілерін, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімінің дипломдары мен алғыс хаттарын табыс етті. «Тұлпар миніп, ту алған» байқауының жеңімпаздары атанған оқушылардың мұғалімдеріне ақшалай сертификаттар табыстады.

Мұғалім - «мамандықтан» жоғары ұғымды білдіреді. Бұл -өзіңнің білімің мен тәжірибеңмен басқа адамдармен бөлісу ниеті. Бұл ежелгі және құрметті мамандық иелерін бірнеше жылдан бері арнайы марапаттауда.

 «Білім беру саласындағы жаңа реформалар - уақыт талабы. Заманның дамуымен бір толқында болу үшін ұстаздар әрдайым өздерінің кәсібиліктерін арттырып отыру керек. Бүгінгі күні жай ғана мұғалім болу аз, мұғалім- инноватор болу керек», -  деді облыс әкімі.

Салтанатты кешке келген ұстаздар қауымы жылы қабылдау үшін алғыстарын білдірді. 

Арнайы жиында «Тұлпар мініп, ту алған» байқауында жеңіске жетке ұстаздарды марапаттады. Оқушысы бірінші орын алған Гүлфайруз Әлішева 2 млн теңгеге сертификат алды. Оқушысы екінші орын алған Қарамақшы ауданының ұстазы Мереке Қайнарова 1 млн 200 мың теңге иеленді, үшінші орын иесі Қазалы ауданының ұстазы Жадыра Көшекпаеваға 600 мың теңге табысталды. 

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында білім беру сапасын арттыруға, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын нығайтуға ерекше назар аударғанын атап өткен. Президент қала және ауыл мектептері арасындағы орта білім сапасындағы алшақтықты болдырмау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Осыған байланысты облыста аталмыш міндетті іске асыру мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, облыста барлық мектептер 100 пайыз интернетпен қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында жаңа пән енгізілді - робототехника, тақырыптық сыныптар ашылып, жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, облыста мектептер мен апаттық жағдайдағы мектептерде үш ауысымдық білім беру мәселелері шешілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары