Жаңалықтар 30.10.2019 сағат 23:05

Нұр-Сұлтанда оқушы қызды үйіне дейін аңдып келген жігіт ВИДЕОға түсіп қалды

Содан кейін қыз жаяу бармақ болғанда, ер адам оның соңынан ереді.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Желіде оқушы қызды аңдып, көшеден пәтеріне дейін еріп келген еркектің біртүрлі әрекеті түсірілген видео мен суреттері тарауда, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бейнежазба түсіндірмесінде айтылғандай, бұл 29 қазанда сағат 16: 52-де Сәтпаев 23/2 алаңында болған (Нұр-Сұлтанда). Видеода басына курткасының бас киімін басып киіп алып, көзіне көзілдірік тағып, бетін орамалмен жауып алған ер адам қызбен бірге подъезге кіреді. Онымен бірге ол лифт күтіп, бетін жауып тұрады, бірақ бір сәтте ол бақылау камерасына қарайды. Содан кейін қыз жаяу бармақ болғанда, ер адам оның соңынан ереді. 

"Ата-аналар сақ болыңыздар!!! Бұл кісі пәтеріне дейін еріп барған. Қыз есік ашқанша, қасында арлы-бері жүріпті. Аминуша тез үйге кіріп, есікті бекітіп алған. Одан соң ол есікті қаққан. Қыз биік орындыққа шығып, есіктің тесігінен қарапты. Есік алдында ақ футболка мен көзілдірік киген бір адам тұрған. Кімсің десе, көршіңмің, қант бар ма деген", - дейді видео авторы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар