$ 494.87  520.65  4.91

«Көзін ағызып жіберген»: 100 мың теңге үшін адам өлтіргендер тиісті жазасын алмады (ВИДЕО)

24 жастағы ұлынан айрылған Әлфия Хамитова «баласын өлтіргендер әділетті жазасын алмады» дейді.

100 теңге үшін Зинур Хамитовты азаптап өлтіргендердің жазасымен жәбірленуші тарап келіспейді, деп хабарлады Skifnews ақпарат порталы 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

24 жастағы ұлынан айрылған Әлфия Хамитова «баласын өлтіргендер әділетті жазасын алмады» дейді.

Сөзінше ұлының қазасына кінәлі деп табылған 4 азаматқа бастапқыда адам өлтіру баптары бойынша айып тағылып, артынша бәрі өзгеріп қылмыскерлер жеңіл жазамен құтылып кеткен.

Ахметов, Аблакимов, Исаев, Бабдунов. Дәл осы төрт қылмыскер Зинур Хамитовтың өліміне байланысты 4 жылдан 16 жылға дейін сотталып отыр. Ахметов пен Аблакимов 15-16 жылға сотталып сотталса, Исаев пен Бабдунов болған қылмысты хабарламады деген айыппен 4 жылға темір торға қамалған. Бірақ ұлынан айрылған ана Зинур Хамитовты төртеуі бірдей жабылып ұрды деген сенімде.

Альфия Хамитова – Марқұм Зинур Хамитовтың анасы:

Баламды азаптап өлтіргені сонша, сау-тамтығы қалмаған. Көзін ағызып жіберген. Сынған сүйектерін жинап құрастырдық. Олар бұл қылмысты төртеуі бірігіп алдын-ала жоспарлап істеген. Ұлымды өлтіріп, су арнасына лақтырып жіберген.

Іс материалдарына қарағанда, Зинур Хамитов Аблакимов Тұрсынға 100 мың теңге қарызға берген. Ал Тұрсын Зинурды "ақшаны қайтарып беремін" деп шақырып, өлімше етіп сабап, су арнасына лақтырып жіберген. Ақшаны қарызға алған жігіттің қасында 3 досы болған деп көрсеткен тергеу ісі. Және жәбірленушінің қалтасында болған «Тұрсыннан 100 мың теңге қарыз алдым» деген қолхатында алып кетіпті. Полиция тергеу барысында дәл осы қағазды қылмыскерлерден тәркілеп, іске қосқан. Жәбірленушінің анасы қанды қылмыскерлер қылмысын жасыру үшін дәл осы дәлел ғана керек болды деген сенімде. Себебі Зинур анасынан қарыз ақшасын алуға кетіп бара жатқанын айтып кеткен екен.      

Советхан Сәкенов – сот алқасының төрағасы:

Ахметов, Аблакимов, Исаев, Бабдуновқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалсын. Хамитованың апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылсын.

Альфия Хамитова Бабдунов пен Исаевтың 4 жылға ғана сотталғаны әділетсіз дейді. Ол қос қылмыскердің ұлын жабылып ұрғанына сенімді. Себебі 100 мың теңге ақшасын алуға барғанда 4 азамат бірге болған. Олардың тек қанды қылмысқа қарап тұрдық деген сөздеріне «ана жүрегі» сенбейді. Шырылдаған ана енді жоғары сотқа арызданбақ.

​​​​​

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары