$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстандық спортшылар Токиодағы турнирді жеңіспен бастады

Санатәлі Төлтаев бірінші кездесудe австралиялық боксшыны техникалық нокаутпен ұтты.
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Жапония астанасы Токиода бокстан халықаралық турнир басталды. 2020 жылғы Олимпиада ойындары өтетін спорттық нысанды сынақтан өткізу мақсатында ұйымдастырылған бәсекеге қазақстандық боксшылар да қатысып жатыр деп жазады Olympic.kz.  

63 келіде жұдырықтасқан Санатәлі Төлтаев бірінші кездесудe австралиялық боксшыны техникалық нокаутпен ұтты. Сондай-ақ, 91 келіде сынға түскен Айбек Оралбай да үндістандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. 

Айбек келесі айналымда Бразилия боксшысына қарсы шығады.  

Ал қыздар арасында сынға түскен Римма Волосенко турнирдің ақтық сынында жұдырықтасады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#токио