$ 494.87  520.65  4.91

«Елімізде көмірдің бағасы шарықтап тұр»: Министрлік көмір тауар биржасы арқылы сатылатынын айтты (ВИДЕО)

Шығыстағы «Қаражыра» кен орнында көмірдің тоннасы – 6 000 теңге. Іргесіндегі Семейде – 8 600, облыс орталығы Өскеменде – 9 700 теңге. Солтүстік Қазақстанда да көмірдің құны арзандамай тұр.

Еліміздің бірнеше облысында көмір шығатын кен орындары болса да, бағасы аспандап тұр. Мәселен, жерінің асты қатты отынға толы Қарағанды қаласында көмірдің тоннасы – 14 000 теңге. Ал еліміздің батысы Оралда –18 500 теңгеге дейін шарықтап кеткен, деп хабарлайды Skifnews ақпарат порталы Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

Шығыстағы «Қаражыра» кен орнында көмірдің тоннасы – 6 000 теңге. Іргесіндегі Семейде – 8 600, облыс орталығы Өскеменде – 9 700 теңге. Солтүстік Қазақстанда да көмірдің құны арзандамай тұр. Пертропавлда көмір үшін қарбалас байқалмаса да тұтынушылар «баға қымбат!» дейді. 

Бақытжан ТҰРМҰХАМБЕТОВ – көмір сату бекетінің бастығы: Қарағандыдан келгенше жолдың бағасы: «российская железная дорога» мына жерде. Жұмысшылар бар, погрузчик, солярка бар. Соның бәрін есептегенде – 14 000. 

Ал Ұлттық Экономика Министрлігі «қыркүйек айында, Нұр-Сұлтанда көмірдің 1 тоннасы 12 296 теңгеден сатылды» деп отыр. Алматыда – 14 000, Шымкентте – 13 900 теңге. Бұл баға Ақтөбеде – 13 500, Қостанайда –13 407, Қызылордада –14 067 теңге болған. Оралда –18 500 теңгеге жеткен. Павлодарда – 11 149 теңге, Талдықорғанда – 12 780, Таразда – 13 640 теңгеден саудаланыпты. 

Министрлік көмір тауар биржасы арқылы сатылатынын айтты. 

Саят ИСАТОВ – ҚР ИИДМ Индрустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы: Көмірдің бағасы мемлекеттік реттеуде емес. Нарықтық қатынаста қалыптасады. Көмір өндіруші кәсіпорын сатқан кезде ол жақтан көтерме сатушылар алады да әрі қарай делдалдық тізілімдер кетеді. 

Бағаның бұлай қымбаттап кетуіне осыған дейін құзырлы органдар кедергі бола алмады. Сондықтан болуы керек күні кеше ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен әкімдерге бағаны реттеп, алыпсатарлардың жұмысын жөнге келтіруді тағы тапсырды.       
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары