Егеуқұйрықтардың иіссезгіш қабілеті иттердікіне қарағанда екі есе күшті. Сол үшін Африка аумағында орналасқан бірқатар елдің шекара қызметкерлері мина іздеуге иттерді емес, егеуқұйрықтарды пайдаланады, – деп хабарлайды Skifnews ақпарат порталы BBCEarth арнасына сілтеме жасап.
Сондай-ақ мамандар «мина іздегіштердің салмағы жеңіл, дене тұрпаты кішкентай болғаны дұрыс» дейді. Өйткені жануарларлар жарылғыш затты әшкерелеген бойда үстіне отырып алады. Ол дегеніңіз, қауіпті заттың кенеттен іске қосылуына алып келеді. Ал жер астында жасырулы тұрған миналар егеуқұйрықтардың салмағын мүлде сезбейтін көрінеді. Қауіпсіз, әрі тиімді.