$ 494.87  520.65  4.91

«100 жаңа есім» қоршауларда емес, баннерлерде, журналдардың мұқабаларында тұруға лайық» - Зағипа Балиева

Мен қоршаудың артынан қоқысты емес, жетістікке қол жеткізген адамдардың тарихын байқаймын» - Дәурен Абаев.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева қоршаулардан «100 жаңа есімнің» суреттері қойылған плакаттарды алып тастауды өтінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Жастар мәселелерін қарастыру және шешу кезінде жастардың өздері қатысуы керек. Олардың көптеген идеялары, тілектері бар, менің ойымша, осы дұрыс болады. Жастар кездесу барысында қала қоршауларынан «100 жаңа есім» иеленген адамдардың суретін алып тастауын өтінді. Олардың суреттері қоршауларда емес, баннерлерде, журналдардың мұқабаларында тұруға лайық», - деді депутат.

Депутаттың сөзіне ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев түсініктеме берді. 

«Мен депутаттардың айтқанына түсіністікпен қараймын. Бірақ мен бір кездері бұл қоршауларды көргенде, жетістіктерімен мақтануға тұрарлық адамдарды көрдім. Бұл мені мазаламайды. «100 жаңа есім» жобасының мақсаты - бүкіл елге бұл адамдар туралы мәлімет тарату. Шынымды айтсам, мұның бәрі адамдарға байланысты. Қоршаудың артында біреулер қоқысты көрсе, маған бұл адамдардың суреті бойыма мақтаныш сезімін сыйлайды. Мен қоршаудың артынан қоқысты емес, жетістікке қол жеткізген адамдардың тарихын байқаймын», - деді министр.

«Біз жергілікті атқарушы органдармен сөйлесетін боламыз. Егер барлық адамға осындай ой тудырса, өзгертуіміз мүмкін. Бірақ бізде осындай адамдар бар екенін мақтан етейік. Қоқыстар бізден жоғалып кетеді, ал олар бізде қалады», - деп атап өтті министр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін журналист Мұхтар Түменбайдың осы баннерлерге қатысты ойын жарияладық. 

Ол қазіргі таңда аялдама, одан қала берді, құрылыс нысандары мен түрлі көшелердің «жыртық-тесіктерін» білдіртпей жауып тұру үшін «Рухани жаңғыру» идеясының белгісі бар баннерлерді жапсыру «сәнге» айналғанын мәселе ретінде көтерген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары