Санкт-Петербург мемлекеттік университеті студент қызды өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған тарих пәнінің мұғалімі, доцент Олег Соколовты бұл қылмысы үшін жұмыстан босатты, деп хабарлайды Stan.kz.
ЖОО-ның баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сәйкес, Соколов РФ-ның еңбек кодексінің 81 бабы 8 тармағы (Тәрбиелеу қызметін атқарушы жұмысшының азғындыққа баруы) бойынша 11 қараша күні орнынан босатылған.
Бірнеше күн университет басшылығы оқытушының бұл қылығы «бізді қатты абдыратты» деп айтқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Соколовтың қылмысы 9 қараша күні әшкере болыпты. Қылмыскер оның үстіне мас болған көрінеді. Ол қыздың бөлшектенген денесін суға ағызып жібермекші болған, бірақ өзі суға құлап кеткен. Бұған дейін Анастасия Ещенко өлмей тұрып ағасымен сөйлескені мәлім болды. Одан кейін Соколовтың қыздың денесін суға ағызып жатқаны видеоға түсіп қалған. Кейіннен Соколов оқиға қалай болғанын өзі айтып берді. Ал біраз уақыт бұрын Санкт-Петербург қаласының қоғамдық бақылаушылар комиссиясының өкілі Александр Холодов өзінің YouTube каналында Олег Соколовтан сұхбатын жариялаған болатын.