Кезінде "Хабар" агенттігінің Бас продюсері болған Серік Абас-шах өзінің Facebook-парақшасында танымал математик Асқар Жұмаділдаевтың дін тақырыбында айтқан ойын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Танымал математика жұрт дінге емес, ғылымға көбірек көңіл бөлу керектігін айтады. Сонымен қатар, ол діндарлардың айтқан сөздері іспен қабыспай жататынын сынға алды.
"Дін жағына көп барғым келмейді. Өйткені қазір онымен көбіне халтурщиктер айналысып кетті. Саясатқа айналдырып жіберді.
Орамал таға ма, тақпай ма, балағын ұзарта ма, ұзартпай ма, онда тұрған не бар? Қаласа – тақсын, қаламаса – тақпасын. Сол да таласатын нәрсе ме?!
Компьютерді ойлап тапқан – еврейлер, машинаны ойлап тапқан – ағылшындар, тағы басқа техника түрлерін ойлап тапқан – немістер, неге солардың арасынан бір жаңалық ойлап табатын мұсылман шықпайды? Таласса, осы сұрақтармен талассын!
Діндарлар «бір-біріңді сыйлаңдар, жақсы көріңдер», – деп айтады, іс жүзінде бәрі бір-біріне қарсы. Жеп қоюға дайын" - дейді Асқар Жұмаділдаев.