$ 498.34  519.72  4.85

Түркістан облысынан мұнай белгісі табылды

Бұған дейін Шу-Сарысу ойпатында бірнеше ұсақ газ кені табылған.

Түркістан облысында Үлкен Қаратаудағы Шоқпақ учаскесінде палеозой жыныстарынан мұнай белгілері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

«Арнаулы экспедиция боксит, онымен қоса қорғасын, мырыш және сирек кездесетін басқа да заттарды табу үшін Үлкен Қаратаудың Леонтьев ойысындағы геофизикалық түзілімдерді зерттеген. Ол үшін 300 метрге дейінгі ұңғымалар қазылған. Бұрғыланған 39 ұңғыманың он бірінен қоңыр түсті сұйық мұнай табылған. Бұдан тыс, бұрғылау кезінде мұнай қабыршақтары бөлініп шықты», - делінген хабарламада. 

Шоқпақтан мұнай белгілері - Қазақстан тауларынан табылған алғашқы мұнай әрі Сырдария, Шу-Сарысу ойпаттарынан мұнай және газды іздеу үшін аса маңызды. 

Бұған дейін Шу-Сарысу ойпатында бірнеше ұсақ газ кені табылған. Олардың ең ірілері – Амангелді және Придорожное кендері. Енді Сырдария, Шу-Сарысу ойпаттарынан мұнай іздеудің өзектілігі арта түсті. 

Учаскелерді барлау және бұрғылау жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары