$ 498.34  519.72  4.85

Қытайда бульдозер аурухананы адамдарымен бірге сүріп тастады

Қытайдың Чжэнчжоу қаласында (Хэнань провинциясы) бульдозер аурухана ғимаратын ішіндегі адамдарымен бірге және оған жапсарлас орналасқан мәйітхананы сүріп тастады. Бұл жайында Associated Press хабарлап отыр.

Абырой болғанда, қайтыс болғандар жоқ. Дегенмен, емдеу орталығының бірнеше қызметкері айтарлықтай ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Ал, мәйітханадағы қайтыс болғандардың денелері үйінділер астында қалып қойды. Сонымен қатар, ғимарат ішінде тұрған 20 млн юанның қондырғылары да түкке жарамсыз болып қалды.

"Мәйіттерді дәл осылай көміп тастау өлгендерге деген құрметтің мүлдем жоқ екенін көрсетеді. Мен бұған дейін өмірде мұндай бассыздық болады деп ойламаппын" дейді қираған аурухананың өкілі Чжан Юань.

Дереккөздің мәліметінше, жергілікті билік өкілдері осы маңайдан өтетін жолды кеңейту мақсатында аурухана ғимаратының жартысын бұзуды былтыр жоспарлаған екен. Сондықтан, медорталықтың бөлімшелері басқа ғимаратқа көшірілген. Дегенмен, мамандардың бірқатары ескі ғимараттан кетуге асықпаған. Билік өкілдері оларды ескерткен болатынбыз дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары