$ 498.34  519.72  4.85

Қырғыз депутаттары халық жағдайын жақсарту мақсатында көмекшілерінен және көліктерінен бас тартты

Қырғызстанның депутаттары биыл бюджеттің 60 миллион  сомын (шамамен 800 мың доллар) үнемдеуді көздеп отыр. Халық қалаулылары өздерінің көмекшілерінен және қызметтік көліктерінен бас тартпақ деп жазады Knews.kg парламенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2015 жылы Қырғызстанның Жоғарғы Кеңесі бюджет қаражатының 26 миллион сомын үнемдеген болатын. Биыл депутаттар өздеріне берілген артықшылықтардың бірқатарынан бас тартып, үнемделетін қаржы көлемін 60 миллион сомнан асыруды жоспарлап отыр.

Депутаттардың айтуынша, мұның барлығы да қаржылық дағдарыс кезінде халықтың әлеуетін төмендетіп алмау мақсатында жасалып жатқан жұмыстар.

Айта кету керек, қырғыз депутаттарының айлық-жалақысы шамамен 500 долларды құрайды. Ал, бейресми деректерге сүйенсек, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары ай сайын 700 мың теңге (2 мың доллардан астам) жалақы алатын көрінеді. Соған қарамастан, былтыр еліміздің халық қалаулылары өз айлықтарының аздығын айтып, мұңын шаққан болатын. Жалақыдан басқа біздің елдің депутаттарына мемлекет есебінен қымбат баспана, жайлы көлік және бір-бір көмекшіден беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары