Жаңалықтар 04.12.2019 сағат 22:55

«Ақын» атты толықметражды көркем фильмге кастинг жарияланды

Фильмнің режиссері – Дәрежан Өмірбаев.
«Ақын» атты толықметражды көркем фильмге кастинг жарияланды
Фото: ҚазАқпарат
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Ақын» атты (жұмыс бойынша атауы) толықметражды көркем фильмді түсірмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фильмнің режиссері – Дәрежан Өмірбаев. 

«Герман Тесстің «Шығармашылық кеш» атты әңгімесінің желісі бойынша түсірілетін туынды Алматыда тұратын 40 жастағы қазақ ақынының өмірінен сыр шертеді», - делінген хабарламада. 

Киножобаға картинаның ұйымдастыру қызметі келесі талаптар бойынша кастинг жариялады: 

- 35-55 жас аралығындағы ер адамдар; 

- 25-35 жас аралығындағы әйел адамдар; 

- 70-75 жас аралығындағы қариялар; 

- 65-70 жас аралығындағы әйелдер;

 - 9-14 жас аралығындағы ұл балалар мен қыздар. 

Кастинг әр дүйсенбі күні «Қазақфильм» киностудиясындағы «ПЛК» ғимаратында (2-қабат, 236 каб.) «Қадам» студиясында өтеді. Желтоқсанның 25-не дейін жалғасады.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар