$ 448.15  483.46  4.86

Нұр-Сұлтанда мас жүргізушіні полицейлер көліктен зорға алып шықты (ВИДЕО)

Куәгерлер оқиғаны камераға түсіріп алып, әлеуметтік желіде бөлісті.

Нұр-Сұлтан полицейлері көлік ішінен шықпай, тәртіп сақшыларынан қашып кетпек болған мас жүргізушіні сыртқа шығаруға тырысты.  Куәгерлер оқиғаны камераға түсіріп алып, әлеуметтік желіде бөлісті деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің сөзінше, оқиға 3 желтоқсан күнінің екінші жартысында, Мәңгілік ел мен Ұлы Дала даңғылдарының қиылысында болған.

Кадрларда полицияның ақ иномаркалы көліктің жүргізушісін шығаруға әрекеттеніп жатқаны байқалады.

"Не болып жатқанында біреудің хабары бар ма? Ақыр соңында жүргізуші қызметкерлерді қаға жаздап қашып кетті, түсірілім орнынан кетіп қалды", - деп жазды видео авторы zhaloby_astana Instagram-парақшасына.

Елордалық полиция департаментінің хабарлауынша, автокөлік рөлінде 38 жастағы ер адам отырған. Ол бұған дейін жүргізуші куәлігінен айрылған.

Полицейлер басқа транспорттарға кедергі келтіріп, жол ортасына тоқтаған көлікке назар салған. Көлікке жақындаған тәртіп сақшылары жүргізушінің рөлде қозғалыссыз отырғанын және сыртқы тітіркендіргіштерге жауап бермегенін көреді.

Алайда полицейелер автокөліктің есігін ашпақ болған сәтте ер адам бірден оянып, қашуға оқталған.

Тәртіп сақшылары мас ер адамды көлік салонынан шығарып алған.

Оған қатысты екі бап - мас күйде көлік тізгіндеу және ішкі істер органдары қызметкерлерінің талаптарын орындамау бойынша хаттама толтырылды. Ол 20 тәулікке қамалып, 30 АЕК көлемінде, яғни 75 мың теңгедей айыппұл салынуы мүмкін.

Сондай-ақ, полиция ер адамның бұған дейін жол апаты болған жерден кетіп қалғаны үшін жүргізуші куәлігінен айрылғанын атап өтті.

Қазір тәртіп бұзушының автокөлігі коммуналды автотұраққа қойылған.

Дереккөз: KAZ.NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары