$ 439.4  473.54  4.76

Алматыда «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз» акциясы өтті

Тұрмыстық зорлық- зомбылық мәселесі бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіліп, мұндай факт болған жағдайда әйелдерге дағдарыс орталықтарынан оңалту үшін арнайы орындар беріледі.

Алматы қаласы, Алатау аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықсыз» акциясы өтті, деп хабарлайды Sn.kz. 

16 күндік «Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықсыз» акциясы аясында әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті. 

Отырыста аудан әкімінің орынбасары С. Ағыбаев, А. Сұлтанғазин, сондай- ақ «Алатау ауданының мүгедектер қоғамы» ҚБ төрайымы Г. Шүкірова және Комиссия мүшелері Алатау ауданындағы гендерлік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар талқылады. 

Сондай-ақ, аудандық полиция басқармасының әйелдері зорлық- зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторы А. Сералинаның отбасы - демографиялық ахуалдың өткен жылдың биылғы жылғы кезеңімен салыстырмалы талдауы ұсынылды. 

Мәселен, 2019 жылы ауданның әйелдеріне қатысты тұрмыстық зорлық- зомбылық бойынша саны 2,8 %- ға төмендеді. 

Тұрмыстық зорлық- зомбылық мәселесі бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіліп, мұндай факт болған жағдайда әйелдерге дағдарыс орталықтарынан оңалту үшін арнайы орындар беріледі. 

Сонымен қатар, талқылауға қоғамдық даму бөлімінің басшысы Б. Сабитов, Э. Надирова, АХАТ бөлімінің басшысы А. Кунчашева қатысты.

Айта кетейік, «Әйелдерге қатысты зорлық- зомбылықсыз» акциясы жыл сайын Республика көлемінде аталып өтіледі. 

Әйелдерге қатысты әр түрлі дискриминация түрлерін жою туралы Конвенцияға сәйкес жыл сайын 25 қарашада «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы «Бақытты отбасы - бақытты ел» атты ұранымен өткізіліп, Әйелдерге қатысты Халықаралық зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталып өтілуде. 
Аталмыш акция бүгінде Халықаралық ауқымда ұйымдастырылып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары