$ 498.34  519.72  4.85

Теміртау тұрғынын өлілер тізіміне енгізіп қойған

Өзінің құжат бойынша өлілер есебінде екенін Игорь Николаев алғаш рет 2016 жылы білген.

Халыққа қызмет көрсету орталығына барған қазақстандық өзінің өлілер тізімінде тұрғанын білген. Ол бірнеше апта бойы түрлі инстанцияларға жүгінген. Алайда, мәліметтер базасында өзін "тірілте алмай" жүр. Соның кесірінен жұмысқа да орналаса алмай жатыр деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Өзінің құжат бойынша өлілер есебінде екенін Игорь Николаев алғаш рет 2016 жылы білген. Қажетті анықтамаларды жинап, мәліметтер базасындағы қатені түзеткен. Сөйтіп, бұл туралы ұмытып та кеткен. Алайда, жақында жұмыстан шығып, басқа қызметке орналасу үшін құжат жинап ХҚКО-ға барғанда бұрынғы жағдай қайталаныпты. Сотталмағаны жөнінде қағаз алуға барып, өзінің қайтадан өлілер тізімінде тіркелгенін білген.

"Әбден жүйкем жұқарып бітті. Үнемі осы үшін сандалып жүремін. Бірақ, бұл менің емес, солардың кінәсі ғой", – дейді ашынған Игорь Николаев.

Өзін "тірілте алмай" жүргеніне бір айға жуық уақыт өткен ол жаңа жұмыс орнына басқа біреуді алып қоя ма деп уайымдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Теміртау