$ 445.66  474.58  4.78

«Пәктігіңмен мақтан»: Дина Таңсәрі өз құқығын қорғай алмайтын қазақ қыздарының тағдырын баяндады

«Қазақ қызы, сенің пәктігің үшін қалың мал төлейді. Сен сонымен мақтан».
Фото: liveİnternet
Фото: liveİnternet

"НеМолчиKZ" зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалысы қорының басшысы Дина Таңсәрі өз құқығын қорғай алмайтын қазақ қыздарының тағдыры туралы баяндады. 

Бұл туралы Дина Таңсәрі желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақ қызы, сенің пәктігің үшін қалың мал төлейді. Сен сонымен мақтан. Бұл саудаласудың бір мүмкіндігі. Қыз баланы өсірген ата-ана оның пәк болуын, тұрмысқа шығуын қадағалайды. 

Бала күніңде саған ешкім махаббат, етеккір, жүктілік, сыйластық туралы айтпайды. Өйткені бұл ұят тақырып саналады. Оның орнына пәк болу маңызды екенін, барған жеріңе ақ болып баруды құлағыңа құяды. 

Үлкенді сыйлап, әр нәрсені ұят деп тәрбиеленіп, толысқан шағыңда күйеу жігіт келіп, сені ауылына ұрлап әкетеді. Кейін ата-анаңнан кешірім, сұрап 5 мың доллар қалың мал ұстатады. Той жасауға уәде береді. Ол шындығында сені әйел қылып емес, құл қылуға әкетеді. Сен ұят болады деп намыстанып, ата-анаңның өзгелерге ұялмай қарауы үшін, көршілерің мен өзге адамдардың өсегіне ілінбеу үшін бәріне көніп жүре бересің. Ал, ата-анаң сенің бақытты екеніңді басқаларға айтып сендіріп жүреді. 

Ал, сен алғашқы балаларың қыз бала болса, жыл сайын бала тууға мәжбүрсің. Туа алмасаң, енең өзге қызды келін қылып алып, немере қыздары барын мүлде ұмытып кетеді. 

Егер ұлы қателік жасаса оны ата-анасы айыптамайды. Ал, қыздың қателігі бетіне басылады. 

Қазір пәктік үшін қалың мал төлейтін заман емес, 21 ғасыр. Қыз да, ұл да бірдей туылады, олардың құқығы да бірдей болу керек. Мұның бәрін өмірде болған оқиғаларға сүйеніп жаздым. 

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары