$ 514.65  544.6  5.17

Алматыда мас жүргізуші жаяу жүргіншілерді қағып кетті

Жол көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.

Алматының қақ ортасында жол талғамайтын көлік жаяу жүргіншілерді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Жол көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Апат орталық мешіт маңында болған. Салдарынан бес адам жарақат алды: жүргізушінің өзі және төрт жаяу жүргінші. Олардың екеуі облыстық ауруханаға жеткізілді, екеуі медициналық көмектен бас тартты. Бір әйел қалалық аурухана жатқызылды. 

«Бір әйел №4 қалалық клиникалық ауруханаға түсті. Дәрігерлер тексерген кезде науқастың жағдайы ауыр болды. Алдын ала диагноз қойылды: жамбас жарақаты, белінің көгеруі, оң аяғы мен оң қолының жарақаты. Бірінші дәрежелі шок , - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы