$ 445.66  474.58  4.78

Әнші Ибрагим Ескендір бокстан жетінші жеңісіне қол жеткізді (ВИДЕО)

Осылайша, ол профи-рингте IBA Asia нұсқасы бойынша чемпиондық бебеуді жеңіп алды.
prosports.kz
prosports.kz

Кейінгі кезде кәсіпқой бокста өнер көрсетіп жүрген әнші Ибрагим Ескендір Мәскеудің «Крылья Советов» спорт кешенінде өткен жекпе-жекте жетінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық 33 жастағы боксшы (6-0, 6 КО) африкалық қарсыласы Малави Мусса Аджибуді (28-14-5, 24 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірді. Осылайша, ол профи-рингте IBA Asia нұсқасы бойынша чемпиондық белбеуді жеңіп алды.

Өзінің instagram парақшасында «Тәуелсіздікке тартуымды қабыл ал, АЛАШЫМ! Қолдауларыңызды ерекше сезіндім, үлкен рахмет! Қарсылас азулы екен, оңай болған жоқ. Сіздердің дұғаларыңызбен сынған қолмен жеті раунд шайқастық! Ұлдарыңыз IBA тұжырымы бойынша Азия чемпионы» деп жазды Ибрагим Ескендір.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары