Панама түрмесінде жаппай төбелесе болып, 11 адам қаза болды,- деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы РИА Новости-ға сілтеме жасап. Панама астанасының шығысындағы жаппай төбелес туралы елдің түзету мекемелерінің дирекциясы өкілдері мәлімдеме жасады.
" Хойита түрмесінде сотталушылар арасында сейсенбіде түстен кейін төбелес болды. Оқиғаны полиция бақылауға алып отыр. Өкінішке орай, төлебестің салдарынан 11 адам қаза тауып, 11 адам зардап шекті", - делінген хабарламада.
Дереккөзіне сүйенсек, қапыда ажал құшқандардың қатарында түрме қызметкерлері мен полицейлер жоқ. Қазіргі кезде қайғылы оқиғаға байланысты әкімшілік және қылмыстық іс қозғалған. Мұндай жағдай қайталанбас үшін төбелескен тараптарды екі жаққа бөлді.
Әзірге төбелестің неліктен болғаны жөнінде ақпарат жоқ.