$ 439.4  473.54  4.76

Мешіт жанында 3 адамды қаққан көлік жүргізушісінің кім екені белгілі болды

Басылым ЖКО кезінде кәсіпкердің удай мас болғанын хабарлады.

Алматыда 13 желтоқсан күні жаппай жол апатын жасап, үш адамды қағып кеткен Range Rover автокөлігі иесінің тұлғасы мен қызметі жайлы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Орталық мешіттің маңайында элиталық жол талғамайтын көлік үш адамды қағып кеткен еді. Жәбірленушілер түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар, аталған ЖКО-да үш көлік зардап шеккен.

Бұған дейін хабарланғандай, Range Rover жүргізушісі мас күйінде анықталғаны хабарланған еді. Ал апаттан кейін ол ауруханада күзетіліп жатты.

"Время" басылымының мәліметінше, көлікті басқарған ер адам кәсіпкер әрі Қытайдан келетін құрылыс техникасын сататын ірі компания иелерінің бірі болып шыққан. Оның жасы 44-те.

Басылым ЖКО кезінде кәсіпкердің удай мас болғанын хабарлады.

Басқа көліктерге соқтығысып, жаяу жүргіншілерді қағып кеткеннен кейін ол жасырынып қалмақ болған, алайда ұзап кетпеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол апаты