$ 441.66  475.14  4.86

Түркия ТүркПА төрағалығын Әзербайжанға тапсырды

Сондай-ақ туризм, мәдени мұраларды қорғау, сондай-ақ сайлауды бақылау туралы ТүркПА ережелеріне қарастырылды.

Әзербайжан, Қырғызстан мен Өзбекстан парламент басшылары бірлестіктің қызметін кеңейту жолдарын талқылап, бірқатар заң қабылдады. Қазақстандық делегацияға Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин жетекшілік етті. ТүркПА отырысы алдында Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесіп, қос елдің қатынасын талқылады. Түркітілдес мемлекеттердің парламентаралық байланысын кеңейту жайы да сөз болды. Сондай-ақ туризм, мәдени мұраларды қорғау, сондай-ақ сайлауды бақылау туралы ТүркПА ережелеріне қарастырылды. 

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: 

- Ерекше айту керек, осыдан тура 10 жыл бұрын дәл осы Әзербайжан жерінде түркі елдерінің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахтшбан келісіміне қол қойылды. Ол туысқан елдердің ынтымақтастығын жаңа белеске көтерді. Қазіргі уақытта Парламенттік ассамблея халықаралық нормалар аясында ашық әрі тиімді жұмыс істеп алатын маңызды ұйымға айналды. Бірақ та жеткен жетістіктермен бізге тоқтауға болмайды. 

Біз өткен отырыста ұйымның нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру қажеттігі туралы айтқан болатынбыз. Осыған орай ТүркПа регламентімен хатшылықтың ережесі тиісті өзгерістермен біздің қарауымызға ұсынылып отыр. Ол Ассамблея жұмысын жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған. 

Биыл ТүркПа отырысына Өзбекстан парламентарийлері де қатысқан. Өзбек елі қазан айында Түркі кеңесінің мүшесі атанды. Алқалы жиында қарастырылған өзекті мәселелердің бірі – Ассамблея бюджеті. Мүше мемлекеттер 2021 жылға қарай қаржы көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Өйткені ұйым хатшылығының шығындары артқан. 

Октай Асадов, Әзербайжан Парламентінің спикері: 

- ТүркПА әлемдегі беделді парламенттік ұйымдардың біріне айналды. Елдеріміздің саяси, экономикалық және мәдени байланысын күшейтуде оның рөлі артып келеді. Алдағы уақытта ұйым қызметін жетілдіру бойынша жұмыстар атқарылады. Сондай-ақ комиссиялардың жұмысы күшейтіліп, жаңа модельдік заңдар қабылданады. 

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар бірқатар құжат мақұлдады. Олардың қатарында модельдік заңдар, миссияның Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауының барысын бақылау туралы есебі және Баку декларациясы бар. Бұл құжатта Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Түркі көзқарасы-2040» бағдарламасы мен Түркі кеңесінің атауын Түркі мемлекеттер ұйымы етіп өзгерту бастамасына қолдау көрсетілді. Енді ТүркПА ұйымының оныншы отырысы келер жылы Қазақстанда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Түркия