$ 443.44  480.51  4.88

Еліміздегі бас шыршаның шамы қашан жағылады? (ВИДЕО)

"Салтанатты рәсім қазақстандық әртістер қатысатын концерттік бағдарламамен сүйемелденеді", - делінген хабарламада.

Бас шыршаның шамдарын жағу салтанаты 20 желтоқсанға ауыстырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін әкімдік салтанатты шара ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында 18 желтоқсан күні өтеді деп мәлімдеген болатын. Әкімдіктің ақпаратынша, Қазақстанның бас шыршасы 20 желтоқсанда сағат 18:00-де жағылады.

"Салтанатты рәсім қазақстандық әртістер қатысатын концерттік бағдарламамен сүйемелденеді" делінген хабарламада.

Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін мұз төбешігінде қысқы ойын-сауық ойындары ұйымдастырылады. Мерекелік бағдарлама елорданың халық көп келетін көрікті жері – "Нұр Әлем" сферасының маңайында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#шырша