$ 447.4  477.55  4.76

Танымал актер Досхан Жолжақсынов лауазымды қызметке тағайындалды

Көпшілік бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
фото: voxpopuli.kz
фото: voxpopuli.kz

Актер әрі режиссер, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының «Құрметті президенті» болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алыс-жақын шетел өкілдерінің қатысуымен елордада Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының халықаралық конгресі өтуде. Жиын барысында федерация президенті Алик Шпекбаев әлемнің 27 елінен келген федерация мүшелеріне федерацияның «Құрметті президенті» ретінде Досхан Жолжақсыновты, ал бірінші вице-президенті ретінде Бәделхан Камалханұлын сайлау ұсынылды. Көпшілік бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Жиынның күн тәртібінде федерация алқа мүшелерінің сайлануымен қатар, басқа да мәселелер қарастырылмақ. 

Айта кетелік, 2019 жылдың 20-21 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда қазақ күресінен VIII Әлем біріншілігі өткізіледі. Оған 40-қа тарта мемлекеттен 300-ге жуық спортшы (ерлер мен әйелдер) қатысады. «Дәулет» спорт кешенінде өтетін байрақты бәсеке барысында ерлер (6 салмақ) мен әйелдер (6 салмақ) арасында 12 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынбақ. 

Әлем біріншілігінің салтанатты ашылуы жоғарыда аталған спорт кешенде 20 желтоқсан күні сағат 16.00-ге жоспарланған.

Әлем чемпионаты Біріккен Күрес Әлемінің (United World Wrestling) 2019 жылға арналған ресми күнтізбесіне енген және жарыстар толықтай UWW ресми өкілдері мен халықаралық дәрежедегі төрешілерінің қатысуымен өткізілмек. 

Жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасының эфирінен байрақты бәсекені тамашалай алады. Жарысты ұйымдастырушылар – Біріккен Күрес Әлемі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясы. Әлем чемпионаты «Eurasian Resources Group» (ERG) қолдауымен өткізілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары