$ 494.87  520.65  4.91

Полиция бастығы жазықсыз ұсталған адамнан кешірім сұрады

Қылмысқа қатысы жоқтығы тексеріліп, дәлелденген соң босатылды.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

12-17 желтоқсан аралығында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің жеке құрамы аса ауыр қылмысты ашуға жұмылдырылған. Іс барысында қылмыс жасау ауданы пысықталып, күдікті адаммен сыртқы белгілері (киім, бет пішіні) бойынша ұқсас адамдар тергеп-тексеру мақсатында полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, куәгер ретінде тергеуге алынған қала тұрғыны Ш. Нұрланнан куәгер ретінде жауап алынды. Ол қылмысқа қатысы жоқтығы тексеріліп, дәлелденген соң босатылған. Оның полиция бөліміне жеткізілуіне  сыртқы киімінің қылмыскердікімен ұқсастығы себеп болыпты.

"Мен полиция қызметкерлерінің ауыр қылмысты ашумен айналысқанын түсінемін. Алайда, менің фотосуреттерім әлеуметтік желілерде таралып жатқандығына қатты қынжылдым. Полиция департаментінің бастығы кінәлілерді тауып, жазалайтынына уәде берді", - деді  жазықсыз екендігі дәлелденген азамат.

Еске сала кетсек, Ақтөбенің жергілікті тұрғыны Нұрлан Шандин қателесіп, өзін педофил деп айыптағандардың үстінен облыстық прокуратураға шағымданған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары