$ 474.72  515.17  5.58

Теміртаудың полиция бөлімінде төбелес орын алды (ВИДЕО)

Теміртаудағы полиция бөлімшелерінің бірінде белгісіз ер азамат тәртіп сақшыларымен төбелескен. Аталған жайттың бейнежазбасы YouTube видеопорталында жарияланды.

Полицейлерді балағаттап, оларға қол көтерген ер азамат бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істеген болуы мүмкін. Бейнежазбадан оның мас екенін аңғаруға болады. Бұзақы алдымен бір полицейді жағадан алып, кейін екіншісін соққы астына алған. Артынша оның қолын қайырып, тәртіп сақшылары камераға алып кетті. Бұдан әрі қарай не болғаны белгісіз.

Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, қазіргі таңда бейнежазбада орын алған оқиға тексеріліп жатыр. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады деп жазады Tengrinews.kz.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары