$ 514.65  544.6  5.17

«Аузына келгендерін айтып жүр»: Мак-Грегордың қарсыласы келісіп төбелеседі дегендерге жауап берді

36 жастағы америкалық жанкүйерлердің келісіммен төбелеседі деген айыптауына тап болды.
фото: championat.com
фото: championat.com

Америкалық ММА файтері Дональд "Ковбой" Серроне ирландиялық Конор Мак-Грегормен Лас-Вегастағы UFC 246 турнирінде болатын төбелесі туралы қауесеттерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

36 жастағы америкалық жанкүйерлердің келісіммен төбелеседі деген айыптауына тап болды. Кейбір фанаттар оны ирландиялықтан жеңілуі үшін UFC-ден ақша алған деп пайымдаған.

"Келіскен дәнеңесі де жоқ! Одан жеңіле салатын мен жоқ. Мен туралы аузына келгендерін айтып жүр. Ақша үшін жеңіле салады екенмін. Мен жеңісті бере салатындай сома жоқ. Келісім бергеннің өзінде одан кейін мен айнаға қарай алмайтын едім. Бұлай болмайды. Жеңіліс үшін ақша алғанша, тегін төбелескенім артық. Менің стилім емес. Барымды салғалы отырмын, бұрын да солай болған", - деп мәлімдеді Дональд Серроне.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары