$ 444.32  473.33  4.76

Назарбаев ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Қайғылы жағдайға ортақтасып, қаза болғандардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын және барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Алматы маңында Bek Air жолаушылар ұшағында болған апаттан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Алматы әуежайынан ұшып шығып, апатқа ұшыраған Бек Эйр авиакомпаниясы ұшағының апатынан қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы хабарды ауыр қабылдадым. Қайғылы жағдайға ортақтасып, қаза болғандардың отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын және барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін» делінген жеделхатта.

Бортында 95 жолаушысы бар Bek Air ұшағы 27 желтоқсанда таңертең апатқа ұшырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жауаптыларды жазалауға уәде берді. 
Апат салдарынан қаза тапқандардың саны 14-ке жетті. Bek Air ұшағы апатында Қазақстан генералдар кеңесінің төрағасы да болған еді. Кейіннен ұшақта болған 93 жолаушының толық тізімі жарияланып, зардап шеккендер жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары