Оралда полиция мен қалалық төтенше жағдайлар бөлімі өзін «өртеп жіберемін» деп қорқытқан адамды құрықтады, деп хабарлайды Евразия Бірінші арнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ер адам қалалық полиция бөлімінің кіреберісіне кіріп, бензинді үстіне құйып, өзін өртеуге әрекеттенді. Ол әйелі мен балаларын Тұрмыстық зорлық-зомбылық дағдарыс орталығынан босатуды сұрады. Отбасындағы қатты ұрыстан соң, жанұясын арнайы орталыққа алып кеткен.
Мас адамды облыстық полиция департаментінің басшылары сабырға шақырып, әңгімелесуге тырысты. Бірақ оны тыныштандыру әрекеті сәтсіз аяқталды. Олар от бөшкесіндегі судың қысымымен ер адамды аман алып қалды.