Атырауда жолаушылар Bek Air ұшағына сатып алған билеттерін қайтара алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ-ге сілтеме жасап.
27 желтоқсан күні «Бек Эйр» авиакомпаниясының Атырау халықаралық әуежайындағы өкілі айтқандай, әзірге апат болған күннің Шымкент пен Нұр сұлтанға билеттерін, сондай-ақ, 28 желтоқсан күні Алматыға ұшатын таңғы рейсін қайтаруға болады.
Билеттерді арнайы кассаға тапсыруға болады немесе жолаушылар байланыс орталығына хабарласуы керек. 28 желтоқсандағы күндізгі және кешкі рейстерге, сондай-ақ 29 мен 31 желтоқсан аралығындағы рейстерге билеттер әлі қабылданған жоқ, бізге осы күндердің билеттерін қайтарып алу жайлы тапсырма келмеді.