$ 443.85  474.3  4.8

Қазақстанның ең қалталы футболшылары кімдер?

Төменде көрсетілген Қазақстандық үздік аяқ доп шеберлерінің рейтингінен олардың 1,2 миллион евродан бастап, 3 миллион евроға дейін алатынын байқауға болады.

Қазақстандық ойыншылардың жаңартылған трансферлік бағасы жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы KazFootball.kz-ке сілтеме жасап. Төменде көрсетілген Қазақстандық үздік аяқ доп шеберлерінің рейтингінен олардың 1,2 миллион евродан бастап, 3 миллион евроға дейін алатынын байқауға болады.

Рейтингтің көш басында «Қайраттан» еркін агент ретінде кеткен Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан ең қымбат қазақстандық футболшы болып тұр.

Екінші және үшінші орындарды «Астананың» қорғаушысы Дмитрий Шомко мен шабуылшы Роман Муртазаев бөлісті. Олар маусым айында елордалық футбол клубынан кеткен. Төртінші орынға жартылай қорғаушы Исламбек Қуат жайғасты. Ол да 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еркін агент болады. Ал "Ордабасы" командасының қақпашысы Дмитрий Непогодов - бесінші орында.


Қазақстанның ең қалталы 15 футболшысы:

1. Бауыржан Исламхан (-) — 3 млн евро (+600 тыс евро);

2-3. Дмитрий Шомко («Астана») — 2,5 млн евро (-);

2-3. Роман Муртазаев (-) — 2,5 млн евро (-);

4. Исламбек Қуат (-) — 2 млн евро (+200 тыс евро);

5. Дмитрий Непогодов («Ордабасы») — 1,8 млн евро (+300 тыс евро);

6-7. Бактиер Зайнутдинов («Ростов», Россия) — 1,7 млн евро (+500 тыс евро);

6-7. Стас Покатилов («Қайрат») — 1,7 млн евро (+300 тыс евро);

8. Гафуржан Суюмбаев («Қайрат») — 1,6 млн евро (+200 тыс евро);

9-12. Сергей Малый («Ордабасы») — 1,5 млн евро (+300 тыс евро);

9-12. Абзал Бейсебеков («Астана») — 1,5 млн евро (+200 тыс евро);

9-12. Алексей Щеткин («Ордабасы») — 1,5 млн евро (-300 тыс евро);

9-12. Георгий Жуков («Висла», Польша) — 1,5 млн евро (+300 тыс евро);

13. Айбол Абикен («Қайрат») — 1,3 млн евро (+500 тыс евро);

14. Александр Меркель («Хераклес», Нидерланды) — 1,25 млн евро (-);

15. Юрий Перцух («Астана») — 1,2 млн евро (+200 тыс евро).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары