Ақтөбе облысында Ырғыз аудандық сотының төрағасы Ерлан Бақытжанды және басқа да мемлекеттік қызметкерлерді күзетілетін аумаққа рұқсатсыз кіргені үшін ұстады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, "Диапазон"-ға сілтеме жасап.
"Охотзоопром" қызметкерлері оларды Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Нұра ауылына жақын орналасқан қорық аймағында қолға түсірген. Осы іске қатысты қазіргі таңда қызметтік тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық сот өкілдері мәлімдеді.
Бұған дейін, браконьерлер Қостанай облысында "Тасты" аңшылық шаруашылығының аумағына 2018 жылы жіберілген құланның ұрғашынысын өлтіргені туралы ақпарат тараған еді.