$ 448.15  483.46  4.86

Ирандағы ұшақ апаты: Құдайдан көмек сұраған студенттің хаты табылды

Белгілі болғандай ұшақ апатынан қаза тапқандардың басым көпшілігі, Иран, Канада азаматтары.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

8 қаңтарда таңертең Тегеран әуежайының маңында украиналық "Boeing 737" ұшақ құлаған болатын. Апат салдарынан  борттағы барлық адам қаза тапты. Сол қаза тапқан жолаушылардың арасында болған студент қыздың соңғы хаты табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Mash Telegram-каналына сілтеме жасап.

Студенттің хаты құлаған ұшақ үйінділерінң арасынан табылыпты. Ол хатында  алда болатын емтиханды сәтті тапсыруды тілеп, құдайдай көмек сұрапты. 

Бір айта кетерлігі, канадалық студенттер билеті арзан болғандықтан украиналық әуе компаниясының қызметіне жүгініпті. Олар рождестволық демалыстан соң үйлеріне қайтып бара жатқан жолда қаза тауып отыр.

Белгілі болғандай, ұшақ апатынан қаза тапқандардың басым көпшілігі, Иран, Канада азаматтары. Оған қоса, ұшақта Германия, Ұлыбритания, Швеция, Украина, Ауғанстан елдерінің де азаматтары болған екен.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары