$ 444.22  476.38  4.82

Астаналық полицейлер Шу қаласының тұрғынын 20 келі есірткімен ұстады

24 қаңтар күні Астана қалалық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары барысында Жамбыл облысы, Шу қаласының 30 жастағы тұрғынын есірткі заттарын сақтағаны үшін тұтқындады. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Сараптама қорытындысы бойынша, бұрын істі болған азаматтың үйінен табылған есірткі 19 келі марихуана мен 2 келі гашиш екені анықталып отыр.

Аталған факт бойынша күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары