$ 448.15  483.46  4.86

Тайваньда күн күрт суып, 85 адам үсіп өлді

Өткен аптаның демалысы Тайвань аралдарында күн күрт суытып, салдарынан 85 адам үсіп қайтыс болды деп жазады Focus Taiwan порталы.

Ең үлкен шығын Таоюань уездінде, мұнда көз жұмғандар саны 35 адамды құрады. Сондай-ақ, ел астанасы Тайбэйде де қайтыс болғандар саны 30 адамнан асқан. Кешегі жексенбіде бұл аймақта ауа температурасы +4 градусқа дейін төмендеген болатын. ТАСС хабарлауынша, мұндай суық ауа райы соңғы 43 жылдан бері енді тіркеліп отыр.

Гаосюн қаласында барлығы 16 адам көз жұмған. Олардың жас ерекшелігі 65 пен 93-ке дейінгі аралықта. барлығы дерлік үсіп қалған. Арасында суыққа жүрегі шыдамағандары да бар. Ал, ел дәрігерлері болса тұрғындарды мүмкіндігінше үйден шықпауға шақыруда.

Қазір аталған суық ауа ағыны Гонконгқа келіп жеткен. Мұнда ауа температурасы +3 градусты көрсетіп тұр. Мектептердің барлығы уақытша жабылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары