$ 448.15  483.46  4.86

Алматы облысындағы көлік апатынан алты адам ажал құшты

Алматы облысы Талдықорған-Текелі трассасында екі көліктің соғысуы салдарынан алты адам қайтыс болды. Екі адам аса ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып  Today.kz  хабарлады.

Оқиға 24 қаңтар күні Ескелді ауданының маңында болған. Алдын-ала болжам бойынша, Mazda Xedos көлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлді игере алмай, жолдың қарсы бетіндегі Audi 100 маркалы көлігін соққан. Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары