$ 446.49  475.38  4.79

Ақтөбедегі көктайғақтан 90 адам жарақат алды

Соңғы үш күнде қалада болған көктайғақтан 90 адам жарақат алып, "жедел жәрдем" көмегіне жүгінген. Бұл туралы "Диапазон" газетінің тілшісі хабарлады.

 

"103" қызметінің мәліметінше, 22-24 қаңтар аралығында 63 рет тайып жығылған үлкендер мен көк мұздан құлаған 25 бала тіркелген. 

Жарақат алғандардың көпшілігінің қабырғалары сынған, шынтақ пен тізе жарақатын алған. Олардың барлығы дерлік жаяу жүргіншілерге арналған тротуарда, дүкендер мен көп қабатты үйлердің алдында құлаған екен. 

Ауа-райын болжайтын мамандардың дерегінше, алдағы екі-үш күнде күн күрт суып, тағы да аяз түсуі мүмкін. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары