$ 447.4  477.55  4.76

Коронавирус: ғалымдар вирус тараған аймақтарды көрсететін онлайн-карта жасады (ФОТО)

Картадан вирус белең алған ірі аймақтарды, көз жұмған адамдар мен вирусты жұқтырған адамдар санын көруге болады.
Фото: картадан скриншот
Фото: картадан скриншот

Джонс Хопкинс атындағы америкалық университет Қытайдан тарап жатқан коронавирус инфекциясының онлайн-картасын жасады.

Карта коронавирустың Қытайда және одан тыс мемлекеттерде таралу аймағын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Қытай денсаулық сақтау комиссиясы және өзге деректер бойынша жаңартып отырады. Картадан вирус белең алған ірі аймақтарды, көз жұмған адамдар мен вирусты жұқтырған адамдар санын көруге болады. 

"Біз бұл ақпараттық панельді ситуацияның қаншалықты маңызды екенін жұрт білсін деп жасадық. Бұл – зерттеушілер үшін де өте құнды деректер қоры", - дейді Лорен Гарднер.

28 қаңтардағы дерек бойынша, коронавирустан қаза болғандардың саны 100-ден асып кетті, ал оны жұқтырғандар саны – 4515. Қытай билігінің мәліметінше, Бейжіңдегі 9 айлық қыз – вирусты жұқтырғандардың ішіндегі ең жас адам. Вирус Қытайдан бөлек Гонконг, Макао, Таиланд, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Малайзия, Франция, Сингапур, Аустралия, Вьетнам мен Непалға да тараған.

Дереккөз: Massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары