$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында «пара алды» деп күдіктелген шенеунік ұсталды (ВИДЕО)

Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Ол жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, бірінші жағдайда – өзіне бағынышты тұлғадан оны қызметте көтермелеу және жалпы қамқорлығы үшін талап еткен 10 мың АҚШ долларының 3 мыңын, екінші жағдайда – жеке кәсіпкерден оның кәсібін тексеріссіз жабуға жәрдемдескені үшін 490 мың теңге пара алған", - деп хабарлады агенттік.

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары