$ 481.84  531.33  5.07

Атақты режиссер Түркістан қаласы әкімінің шақыртуын қабыл алды

Түркістан қаласының әкімі режиссерді Наурыз мерекесін тойлауға шақырды.
Фото: moviesroom.pl
Фото: moviesroom.pl

Америкалық атақты режиссер Майкл Бэй рухани астанамыз Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың шақыртуын қабыл алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Режиссер Instagram желісіндегі парақшасында әкіммен хат алмасқан. Онда ол шақырудың мерзімін көрсетуді сұрапты. Түркістан қаласының әкімі режиссерді Наурыз мерекесін тойлауға шақырды. Аталмыш мерекеге орай ұйымдастырылатын шараларды көрсетіп, рухани орталықтарды аралату да жоспарда бар көрінеді.

«Егер Түркістанға келетін болса, оңтүстіктің қонақжайлылығын көрсететін боламыз. Ол Түркістанда қандай адамдар тұратынын білсе дейміз. Егер фильм түсіреміз десе, әрине, көмектесеміз», - деді Рашид Аюпов.

Еске сала кетсек, әкім бұған дейін АҚШ түсірген «Елес топ» (6 Underground) фильмінің режиссері Майкл Бэй мен америкалық Netflix компаниясына үндеу тастаған болатын. Ол фильмдегі ойдан құрастырылған Тургистан «мемлекетін» көрермендер қазақстандық Түркістан қаласымен шатастырып алуы мүмкін екенін айтып, Түркістанның фильмде айтылған Тургистаннан «мүлде басқа қала екенін» жеткізген-ді. Сондай-ақ, бұған «көз жеткізу үшін» режиссерді 1500 жылдық тарихы бар қалаға шақырып, одан көрермендерді адастырмауды да сұраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары