$ 444.32  473.33  4.76

Атырауда 5 қабатты тұрғын үйдің шатырын өрт шарпыды

Өрт сөндірушілер келіп жеткенше үйдің шатырын түгелге жуық жалын шарпыған.

Атырау қаласында бес қабатты тұрғын үйдегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«15 ақпан күні жергілікті уақытпен сағат 16:22-де «101» пультіне Махамбет көшесі №121 үйдегі бес қабатты үйдің өртенуі туралы ақпарат келіп түскен. Өрт сөндірушілер келіп жеткенше үйдің шатырын түгелге жуық жалын шарпыған. Құтқарушылар 30 тұрғынды эвакуациялады», - делінген ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми хабарламасында.

Жергілікті уақытпен сағат 18:18-де 600 шаршы метр аумақты шарпыған өрт тоқтатылды. Ал 18:28-де толық сөндірілді.

«Өртті сөндіруге жеке құрамнан 35 адам және облыстық ТЖ департаментінің 8 техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері үй аумағын қоршауға алды. Тұрғын үйдің шатыры түгел жанып кетті», - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары