$ 445.66  474.58  4.78

Әскери қызметкерлер Қордайға қарасты Сортөбе ауылында шыққан өрттен 5 адамды құтқарды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Әскери қызметшілер Қордай ауданының Сортөбе ауылында өртеніп жатқан үйден бес адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Капитан Ержан Арыстанбеков пен патрульде жүрген қатардағы әскерилер Ерқанат Базарбай мен Нұрбек Дүйсенбин сенбі сағат 7.30 кезінде үйлердің бірінің шатыры жанып жатқанын көріп қалады.

"Әскерилер өртеніп жатқан үйден бес тұрғынды шығарып алды, оның үшеуі бала. Жедел штаб оқиға орнына екі көлік жіберді, олар үш минутта жетті", - деді хабарлады Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.

Өрт шыққан аудан қоршауға алынды. Өрт сөндіру көліктері апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, зардап шеккендер жоқ.

Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері 7 ақпанда тәртіпсіздіктер болған Қордай ауданында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары