04.03.2020, 10:20

Алматыдағы ұшақ апаты: жақынынан айрылған 12 отбасыға 4 миллион теңгеден берілді

Фото: видеодан скриншот
Бүгінге дейін жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық көмек көрсету жұмысы жүргізілді.

Ұшақ апаты салдарынан зардап шеккен жолаушылар мен қаза болғандардың отбасына 94 миллион теңге шамасында өтемақы төленді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді.

"Бүгінге дейін жергілікті атқарушы органдар тарапынан материалдық көмек көрсету жұмысы жүргізілді. Зардап шеккен жолаушыға бір миллион теңгеден, ал жақынынан айырылған 12 отбасы төрт миллион теңгеден алды", - делінген Маминнің депутаттық сауалға берген жауабында.

Тағы оқи отырыңыз: 

«Металл скотч жабыстырылған»: Bek Air ұшақтарынан адам өміріне қауіпті техникалық ақаулар табылды (ФОТО)

«Идите!»: езуіне темекі қыстырған Bek Air басшысы тілшілерді итеріп жіберіп, тұра қашты (ВИДЕО)

«Үйді заңсыз салған»: Bek Air әуе компаниясы ұшақ соғылған үйдің иесін сотқа берген​​​​​​​

«12 адамның өлімін мойныма іліп жібермекші» - Bek Air ұшағы соғылған үйдің иесі​​​​​​​

Bek Air әуе компаниясы емтиханнан өтпей қалған ұшқыштарына жалған анықтама берген​​​​​​​

Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсан күні Bek Air ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырап, 12 адамның өмірін жалмаған болатын.