$ 439.43  473.31  4.82

Қызылордада «Абай – ақыл-ойдың алыбы» атты шара өтті

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қалалық білім бөлімі ұйымдастырған бұл шарада арнайы көрме де ұйымдастырылды.

Қызылорда қаласындағы бірнеше білім ордасы оқушыларының қатысуымен «Мұрагер» мектебінде «Абай – ақыл-ойдың алыбы» атты ауқымды шара өтті, деп хабарлайды Sn.kz.

Аталған шарада ақын поэзиясы мен музыка салтанат құрып, «Абай жолы» роман-эпопеясынан эпизодтар ұсынылды. Әдеби-сазды кешке қала әкімінің орынбасары Мира Қазбекова, мектеп басшылары мен балабақша меңгерушілері, жалпы саны 400-ден астам адам қатысты. 

Салтанатты жиында ақын мерейтойына орай өткізілген челленджге, поэтикалық эстафетаға үлес қосқан балабақша тәрбиеленушілері мен оқушылар, Абай мұрасын зерттеген қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ардагер ұстаздары марапатталды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қалалық білім бөлімі ұйымдастырған бұл шарада арнайы көрме де ұйымдастырылды. 

Айта кетейік, Абай мұрасының бағасын биіктеткен шаралар мұнымен тоқтамақ емес. Енді қалалық 54 мектептің қатысуымен «Абай оқулары» байқауы өткізіледі. Сондай-ақ, ұстаздар еңбек демалысында Абайдың туған жеріне арнайы сапарлап, Жиделі-Байсын жеріне экскурсия жасамақ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары