$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда жезөкшелікпен айналысатындарға көмектескен лауазымды полицейлердің былығы әшкереленді

Тіпті, коронавирусты жұқтырған бір адамның жезөкшелікпен айналысатын шетелдіктермен байланыста болғанын да жасырды.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысында лауазымды полицейлердің заңсыз әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Аппарат жетекшісі Қуаныш Жапақовтың айтуынша, агенттіктің Маңғыстау облыстық департаменті прокурорлармен бірлесіп, департамент полициясында жұмыс істейтін лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекетін әшкереледі. Олар шетелдік азаматтарға Ақтау қаласында жезөкшелікпен айналысатын притондар желісін ұйымдастыруға көмектескен.

"Облыста карантин жарияланған болатын. Соған қарамастан, полиция қызметкерлері притондардың қызметін тоқтатуға шара қолданған жоқ. Тіпті, коронавирусты жұқтырған бір адамның жезөкшелікпен айналысатын шетелдіктермен байланыста болғанын да жасырды", – деді Жапақов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде пара беру, лауазымды асыра пайдалану, притондарды ұйымдастыру, сондай-ақ адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін ақпаратты жасыру бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тиісті мекемелерге хабар бергеннен кейін 87 адам оқшауланды. Олардың арасында притондарда жезөкшелікпен айналысқандар да бар. Шетелдік екі азаматтан коронавирус инфекциясы анықталды", – деді Жапақов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары