Еліміздегі Төтенше жағдайға байланысты барлық әкімдіктер мен емлекеттік мекемелерде жиналыстар мен мәжілістер қашықтан ұйымдастырылып жатыр. Осылай қашықтан мәжіліс өткізген Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала аумағында жүріп жатқан құрылыс қарқыны мен инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік төлемдермен қатар карантин режімін қатаң сақтауды тапсырды, - деп хабарлайды Sn.kz.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында қалалық құрылыс басқармасы арқылы 104 инвестициялық жобаның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 58 жоба, яғни 78-і тұрғын үй, 20-сы инженерлік инфрақұрылым, 13-і білім беру, 3-і абаттандыру, 2-і мәдениет, 3-і спорт, 3-і ауыл шаруашылығы, 1-і әкімшілік ғимарат және 1-і өрт сөндіру депосы.
Салынып жатқан 78 көпқабатты тұрғын үйдің 19-ы арендалық, 59-ы кредиттік үй. Жыл соңына дейін 1144 отбасы арендалық баспанамен қамтылады деп жоспарланған. Ол үшін тұрғын үй құрылысына жалпы саны 2 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылып отыр.
«5-10-20» пилоттық жобасымен және «7-20-25» бағдарламасы аясында салынып жатқан кредиттік үйлердің 51-і пайдалануға берілмек. Бұл 3284 пәтер. Бұдан бөлек, мегаполисте 8,5 млрд. теңгеге жалпы 7020 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 4500 орындық білім мекемесі пайдалануға беріледі. Қалған 6-ы келесі жылға өтпелі. Қазіргі таңда 12 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нысандардың құрылысына 358 жұмысшы тартылған», - деді құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов
Сонымен қатар, биыл тамыз айында «Shymkent City» қалашығында 1048 пәтерлі 16 кредиттік тұрғын үй мен 2 инженерлік инфрақұрылым нысаны пайдалануға беріледі. Осы жылы аталған қалашықта 4,3 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 13,8 шақырымды құрайтын 7 көшенің құрылысы аяқталады деп жоспарланған.
Осы орайда Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңа қалашықтағы салынып жатқан тұрғын үйлерді аралап көрді. Шаһар басшысы өз сөзінде қажетті құрылыс материалдарын тасымалдаушы көліктерге қалада жүріп тұруына ешқандай кедергі болмау керектігін атап өтті.
Қазіргі таңда «Shymkent City»-де француз сәулет стилінде 16 қабатты тұрғын үйлер бой көтеріп жатыр. Тұрғын үй кешені аумағында заманауи спорт алаңдары, автотұрақ бар. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ол тұрғын үйлердің 4-уі маусым айында, яғни Қала күніне орай тапсырылады.
«Бұл тұрғын үйлердің құрылысын «Отау Строй» компаниясы жүргізуде. Қалашықта 360 пәтерлі тұрғын үйдің негізгі бөліктері аяқталған. Қазір ішкі жөндеу және қасбеттерін қаптау жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, қалашықта 1200 орындық жаңа мектептің құрылысы аяқталған. Енді сол маңнан балабақша салынады. Қажетті инженерлік-инфрақұрылым тартылған. Өз алдына модульді жылыту қазандығы бар. Ол мекемелер мен тұрғын үйлерді жыл он екі ай ыстық сумен қамтиды», - деді Бас инженер Абжат Акимов.
Айта кетейік, «Shymkent City» шағынауданының жалпы ауданы - 427 га, 12 орамға бөлінген. Соның ішінде, мемлекет қаржысы есебінен 24,5 га құрайтын 1-ші орамда жалпы құны 27 млрд теңгеге 43 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 39-ы - көпқабатты тұрғын үй. Бүгінгі таңда қалашықта 25 нысан пайдалануға берілген, 23 көпқабатты тұрғын үйдегі 1290 пәтер ел игілігіне пайдалануға берілген.
Еске сала кетсек, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қашықтан мәжіліс өткізіп, қала аумағында жүріп жатқан құрылыс қарқыны мен инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік төлемдермен қатар карантин режімін қатаң сақтауды тапсырған болатын. Ал қазіргі таңда Шымкент қаласында қалалық құрылыс басқармасы арқылы 58 жоба, яғни 78-і тұрғын үй, 20-сы инженерлік инфрақұрылым, 13-і білім беру, 3-і абаттандыру, 2-і мәдениет, 3-і спорт, 3-і ауыл шаруашылығы, 1-і әкімшілік ғимарат және 1-і өрт сөндіру депосының салынып жатыр. Бас-аяғы 104 инвестициялық жобаның құрылысы жүріп жатқанын айта кеткен жөн.