$ 498.34  519.72  4.85

Карантин кезінде төтеншеліктер қандай жұмыстар атқарып жатыр?

Төтеншеліктердің мәлімдеуінше, балаларды қауіпсіздендірудің ең ұтымды жолы – оларды қараусыз қалдырмау.

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, карантин басталғалы төтенше жағдайлар да аз болып жатқан жоқ. Дегенмен Төтенше жағдайлар департаменті әң өңірде жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Мәселен, Алматылық құтқарушылар карантин кезінде тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға арналған шатырлы қалашық орналастырды, - деп хабарлайды Sn.kz.

Яғни Алматы қаласында тұрғылықты тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды карантин кезеңіне бейімдеу үшін шатырлы лагерь салынды. Аталған жобаны іске асыру үшін қалалық Төтенше жағдайлар Департаментінің Өрт сөндіру қызметі мен Алматы қаласы әкімдігінің Құтқару қызметінің қызметкерлері қатысты.

300 адамға дейін қабылдай алатын шатырлы қалашық Жетісу ауданында орналасқан. Оның ішінде көрпе- төсектер, биодәретханалар, жуынатын орындар және ас үй құралдары сияқты барлық қажетті заттармен жабдықталған. 

Департамент қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынамаларды іліп,  аумақтары тазартып, периметр бойынша жарық орнатты. Бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар көпшіліктің көңілінен шығып үлгерді. Байқанымыздай, Алматы қаласының әкімдігітұрғылықты тұрақты мекен-жайы жоқ адамдардың жағдайы бақылауда екендігін және мұндай адамдар назардан тыс қалмайтынын көрсетіп отыр. 

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт оқиғаларының және балалардың терезелерден құлауы мен жарақаттануын алдын алу мақсатында қауіпсіздік ережелері туралы жадынамалар жасақтады. Ескертпе қағаздар мұғалімдер, тәрбиешілер және ата-аналар арасында құрылған әлеуметтік желілердегі топтар арқылы тарату жұмыстары жүріп жатыр. 

Өздеріңіз білетіндей, бүгінгі таңда COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу мақсатында барлық мекемелер бір кісідей жұмылып жұмыстар атқарып жатыр. Бұл халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау болып саналатындықтан, коронавирустық инфекция мемлекеттің негізгі байлығы халық, негізгі құндылығы халқының денсаулығы екенін көрсетіп отыр. Жоғарыда аталған жадынамалар осы халықтың игілі үшін атқарылып жатқан көп шараның бірі ғана екенін атап өткен жөн. 

Сонымен бірге Маңғыстау облысы өте маңызды шараны да қолға алды. Атап айтқанда Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамы «СОVID-19» коронавирусты инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында тестілеуден өтті. Сонымен бірге, Департамент бөлімшелерінің жеке құрамы арасында санитарлық бақылау күшейтіліп, инфекцияның таралуын алдын алу бойынша және карантин шараларының сақталуы бойынша іс-шаралар өткізіліп жатыр. Айта кету керек, жеке құрам жеке қорғану және дезинфекция құралдарымен қамтамасыз етілді.

Ал Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті карантин кезінде балалардың қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жатыр. Төтеншеліктердің мәлімдеуінше, балаларды қауіпсіздендірудің ең ұтымды жолы – оларды қараусыз қалдырмау. Егер төтенше жағдай орын алған жағдайда дереу бірыңғай 112 «құтқару нөміріне», өрт күзетін шақыру үшін - 101 нөміріне қоңырау шалу керек.

Сондай-ақ, әр ата-ана электр құрал-жабдықтарыңызды зақымдалған оқшаулау және басқа да ақауларды алдын ала тексеріп отыруы керек. Карантин кезіндегі бақылаудағы баланың да ашық от көздеріне - сіріңке мен оттықтарға, сондай-ақ кез келген өткір, кесетін және шанышатын заттарға рұқсаты болмауы тиіс. Бұл ереже сондай-ақ дәрілерге және қазіргі уақытта «өзекті» болған кез келген заттарға (антисептиктер, спирттер, аэрозольдер, хлорлы заттар және т.б.) жатады. Көбінесе балалардың отпен ойнауы немесе қауіпсіздік ережелерін білмеуі қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін. Сондықтан БҚО ТЖД қызметкерлері балаларды тұрмыстық жарақаттанушылықтың алдын алу саласында халықты ақпараттандыру жұмыстарын жалғастырып жатыр. 


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#карантин