$ 443.44  480.51  4.88

Қостанайлық төтеншеліктер әлеуметтік көмек жасауда

Айта кетейік, департамент үкіметтік емес ұйымдармен және волонтерлік ұйымдармен 32 меморандум жасасқан.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкерлері облыс бойынша әлеуметтік көмек жасауда. Еліміз бойынша жарияланған Төтенше жағдай кезінде аймақтағы өрт жағдайының қалыптасуына халықтың әлеуметтік және материалдық жағдайы үлкен әсер етеді. Сол себепті қостанайлық төтеншеліктер әлеуметтік көмектерді жүзеге асыруды қолға алды, - деп хабарлайды Sn.kz.

Осы орайда кеше облыстың Төтенше жағдайлар департаменті зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының аға инженері азаматтық қорғау капитаны Руслан Тюлькубаев өткен жылыту маусымының қорытындылады. 

Белгілі болғанындай, өрт жағдайының қалыптасуына халықтың әлеуметтік және материалдық жағдайы үлкен әсер етеді. Қысқы өрттердің 60%-дан астамы зейнеткерлер мен уақытша жұмыс істемейтін азаматтардың үйінде болады. Қаза болғандардың басым бөлігі алкогольдік масаң күйде – 14 оқиға және ұйқы жағдайында – 4 оқиға тіркелген.  

Осы орайда қостанайлық төтеншеліктер тұрмыстық өрттердің алдын алуға ерекше көңіл бөледі.

Департаменттің бастамасы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының, жетім балалардың, көп балалы отбасылардың үйлеріне бару полициямен, әлеуметтік қорғау, білім бөлімдермен, денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен бірлесе отырып, қажетті әлеуметтік көмекті айқындай отырып жүзеге асырылды.

Әлеуметтік көмек үшін атқарылған жұмыстар барысында анықталғанындай, есепке 9 673 (оның ішінде 4 673 көп балалы отбасы, 2 113 аз қамтылған отбасы, халықтың аз қамтылған 2 037 тобы, 850 жетім бала) тұрғын үй, 31 908 азаматқа нұсқау берілді. Анықталған 1 304 ӨҚҚ бұзушылық бар. бұл дегеніміз, өрт өткен жылдың қысқы кезеңімен салыстырғанда 7,7% - ға төмендеген кезде қаза болғандардың саны 92% - ға өскенін көрсетеді. 

Жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, демеушілік көмек есебінен жылыту кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарына 174 тұншықтырғыш газ датчигі сатып алынды және орнатылды. Бұрын шаршаған 574 датчиктерге тексеру жүргізілген. Сонымен бірге, тексеру кезінде 56 312 үй тексеріліп, 107 737 азаматқа нұсқау берілген. 

«Оның ішінде 4 308 бұзушылық анықталды, оның 989-ы орнында жойылды. 68 жеке жатақхана тексерілді. Алкоголь ішімдіктерін пайдаланатын 5 662 азамат есепке алынды. Сондай-ақ, белгілі тұрағы жоқ адамдардың болуы мүмкін «тұру» орындары бойынша 29 рейдтік іс-шара өткізілді. 439 жиын ұйымдастырылып, оған 18 699 азамат қатысты», - дейді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының аға инженері азаматтық қорғау капитаны Руслан Тюлькубаев.

Айта кетейік, департамент үкіметтік емес ұйымдармен және волонтерлік ұйымдармен 32 меморандум жасасқан. Сонымен бірге, облыстың жалпы білім беру мекемелерінде 398 ашық және интерактивті сабақтарда 46 205 оқушы өрт қауіпсіздігі шараларына оқытылды. 9 098 бала мен оқытушыларды қамтитын 43 практикалық жаттығулар пысықталды, 4 119 оқушы экскурсия барысында облыстың қалалары мен аудандарында өрт сөндіру бөлімдеріне барды.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті зілзалалар қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының аға инженері азаматтық қорғау капитаны Руслан Тюлькубаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында есеп берген болатын. Жауапты өкіл онлайн кездесу барысында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар Департаментінің қызметкерлері облыс бойынша әлеуметтік көмек жасап жатқанын алға тартып, жылыту кезеңінің қорытындыларымен бөліскен болатын. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары